Елбасы "Архив – 2025" жеті жылдық бағдарламасын жасауды ұсынды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында айтты.
"Бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көптеген деректі құжаттар, әлі де болса, ғылыми айналымға түскен жоқ. Олар әлемнің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатыр", - деп жазады президент.
Ол ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін "Архив – 2025" жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет деп есептейді.
"Қай жағынан болсын, бұл маңызды жұмыс мемлекет есебінен атқарылатын "академиялық туризмге" айналмауға тиіс", - деп ескертеді.