Елбасы "Астана" футбол клубы командасына құттықтау жеделхатын жолдады

1029

Елбасы "Астана" футбол клубы командасына құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шығуына байланысты "Астана" футбол клубының командасын құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Сіздердің табыстарыңыз команданың ойынын зор қызығушылықпен әрі үмітпен бақылап жүрген миллиондаған қазақстандықтарға қуаныш сыйлады.

Сіздердің жетістіктеріңіз Қазақстанда футболды және спорт саласын одан әрі дамытуға тың серпін беретіні сөзсіз. Елордамыз Астананың 20 жылдығы қарсаңындағы бұл жеңістің ерекше символдық мәні бар", - делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан президенті команда мүшелерінің бәріне зор денсаулық пен амандық тілеп, алға қойған мақсаттарының орындалуына ниеттестік білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу