Елорда төрінде астана xаб айти стартаптар теxнопаркі ашылды. Оны елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми түрде іске қосты, деп хабарлайды 24.kz.
Ашылу салтанатына отандық және өзге елдердің халықаралық IT-қауымдастық өкілдері қатысуда. Оларға Astana Hub-тың негізгі өнімдерімен қатар EXPO павильоны таныстырылды. Сондай-ақ қазақстандық стартап-жобалар, халықаралық зертханалардың жұмыстары да көрсетілді.
Қазіргі таңда технопарк аумағында 146 стартап өз жобаларын жүзеге асыруда, оның ішінде 22 жоба — акселерация бағдарламасының түлектері. Astana Hub-тың мәртебесі еліміз үшін стратегиялық маңызды іс-шара, өйткені халықаралық IT-қауымдастықтың алдында еліміздің негізгі технологиялық орталығы құрылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу