Елбасы: "Біз ешқашан 6 жасқа дейінгі балаларға білім беру ісімен айналысқан жоқпыз"

1064

Елбасы: "Біз ешқашан 6 жасқа дейінгі балаларға білім беру ісімен айналысқан жоқпыз"

Алдағы 5 жылда жалпы ішкі өнімнің 10 пайызы білім-ғылым және денсаулық саласына бағытталады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақорда резиденциясында Қазақстан халқына жолдаған дәстүрлі жолдауында осылай деді. 
"Бұл мақсатқа жету үшін Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесіп жол картасын әзірлеуі керек. Біз ешқашан 6 жасқа дейінгі балаларға білім беру ісімен айналысқан жоқпыз. Ал әлем елдері бұл істі жолға қойып алған. Жаһандық көштен қалмау үшін мектепке дейінгі білім берудің сапасын арттыру қажет. Соңғы 5 жылда мектеп жасына дейінгі балалардың 95%-ы балабақшаға барады. Алайда оларға кім, қандай тәрбие беріп жатқанына назар аударылған жоқ. Осы смәселемен айналысыңдар", – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 
Бұдан кейін президент орта білім беру жүйесіне тоқталды. 
"Назарбаев зияткерлік мектептерінің стандарттары еліміздегі барлық орта білім беретін мекемелерге енуге тиіс. Назарбаев зияткерлік мектептерінде Қазақстанның болашақ элиитасы білім алып жатыр. Біздің мектептердің барлығы білімді ұрпақ тәрбиелеуге тиіс. Халықаралық әдістеме, халықаралық стандарт, бағалаудың халықаралық жүйесі ғана бізді бәсекеге қабілетті етеді", – деді мемлекет басшысы.
Осыдан соң елбасы білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздікті күшейту мәселесін тілге тиек етті. 
"Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жерге бейнебақылау орнату қажет. Бұған қоса мектеп психологтарының жұмысын күшейту керек", – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 
Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу