Мемлекет басшысы "GiessenHaus" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Казэнергокабель" акционерлік қоғамына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан президенті балқытылған аллюминий және жеңіл қорытылатын автомобиль дискілерін өндірудің технологиялық үдерісімен танысты.
Мемлекет басшысына "Павлодар" еркін экономикалық аймағында жүзеге асырылып жатқан индустриялық жобалар жөнінде баяндалды.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа дайын өнім үлгілері, атап айтқанда, жылыту радиаторлары, автомобильдердің қосалқы бөлшектері, темір жол вагондарының дөңгелектері көрсетілді.
Сондай-ақ, елбасы тоқ өткізетін кабель жасау технологиясымен және кәсіпорынның даму перспективаларымен танысты.
Қазақстан президентіне ішкі және шетелдік нарыққа шығарылатын дайын өнім үлгілері де көрсетілді.