Елбасы "Gold Aluminum" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

707

Елбасы "Gold Aluminum" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

Президент Оңтүстік Қазақстанға жұмыс сапары аясында терезеге арналған алюминий бұйымдарын жасауға маманданған "Gold Aluminum" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы ақпараттық стэндтер мен экспозициялық үлгілерді көріп, кәсіпорынның жұмыс жоспары жөнінде мәлімет алды.

"Жеке өндіріс ашып, импортталатын тауарлардың орнын басу – еліміздің экономикалық дамуының қазіргі кезеңіндегі маңызды міндеттің бірі", – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында елбасы компания қызметкерлерімен әңгімелесіп, жұмыстарына табыс тіледі және кәсіби жетістіктерге жетуіне ниеттестігін білдірді.

Кәсіпорын индустрияландыру картасы аясында 2014 жылы іске қосылған. 2016 жылы "Gold Aluminum" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 750 тоннаға жуық алюминий бұйымдарын шығарған. Кәсіпорын өнімдері таяу шетелдерге экспортталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу