Елбасы "Қазақстандағы 100 жаңа есім" қатысушыларымен кездесті

953

Елбасы "Қазақстандағы 100 жаңа есім" қатысушыларымен кездесті

Елбасы "Қазақстандағы 100 жаңа есім" жобасына қатысушылармен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы "Қазақстандағы 100 жаңа есім" жобасын іске асырудың маңыздылығына назар аударып, кездесуге қатысушыларға қоғам тарапынан артылған жауапкершіліктің мол екенін ескертті.

"Сіздер байқаудың іріктеу турынан өттіңіздер. Дауыс беру интернет арқылы жүргізілді. Сіздер – бірегей тұлғасыздар. Тәуелсіздігіміз сіздерге таланттарыңызды шыңдап, болашаққа жол салуға мүмкіндік берді. Сіздер өскелең ұрпаққа үлгі боласыздар", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесуде "Қазақстандағы 100 жаңа есім" жобасына қатысушылар рухани жаңғыру бағдарламасының іске асырылу барысы жөнінде ой бөлісіп, өздерінің жетістіктері туралы айтты.

Елбасы жобаның бірнеше қатысушысының жеткен жетістігімен танысып, қазақстандықтардың тұлғалық тұрғыдан дамуының маңыздылығын атап өтті.

"Сөз сөйлегендердің барлығы туралы фильм түсіріп, кітап жазуға болады. Адамдар одан шабыт алады. Шын жүректен құттықтаймын. Жастарымыз мақсатқа қарай талпынуға тиіс", – деді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысы халықтардың дамып, жаһандық үрдістерге бейімделуінің әлемдік тәжірибелері жөнінде ой бөлісті.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жобаның барлық қатысушысына табыс тілеп, оларды бұл жетістіктермен шектелмеуге шақырды.

Елбасы кездесу аяқталған соң "Қазақстандағы 100 жаңа есім" жобасына қатысушыларға арналған арнайы фотокөрмені аралап көрді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу