Елбасы: "ҚазАвтоЖол"-дың бәрі ұры болып шықты ма?

767

Елбасы: "ҚазАвтоЖол"-дың бәрі ұры болып шықты ма?

Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында "ҚазАвтоЖол" компаниясы төңірегіндегі мәселелерге назар аударды, деп хабарлайды abctv.kz.

Еске сала кетейік, құқық қорғау органдары аталған компанияның басшылығын қамауға алған болатын. Сондай-ақ, өңірлік филиалдардың басшылары да құқық қорғау өкілдерінің құрығына түскен еді.

"Бұл – жақсылық емес. Бұл жағдай қаржыны тиімді игеру мен жол сапасы бойынша үлкен кемшіліктердің барын көрсетіп отыр. "ҚазАвтоЖол"-дың бәрі ұры болып шықты ма?", – деді елбасы инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекке қарата айтқан сөзінде.

Президент "ҚазАвтоЖол"-дың жұмысына жауапты инвестициялар және даму министрлігін компанияны дұрыс қадағаламағаны үшін сынады. Осы орайда, елбасы нормативтерді өзгерту қажеттілігіне тоқталды. Айтуынша, қазіргі норматив ескірген.

"Жолдар нормативпен салынады. Сол нормативпен ақша алады. Мемлекетте ақша көбейсе, жол салушылардың тәбеттері де ашыла түседі. Министрліктің міндеті – мемлекет қаржысының жұмсалуын қадағалау. Бұл – сенің жұмысыңдағы кемшілік", – деді президент Жеңіс Қасымбекке

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу