Қазақстан президенті "Kostanay Plaza" сауда және ойын-сауық орталығында болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Қостанай қаласындағы сауда орындары галереясы, отбасылық ойын-сауық саябағы, 6 залы бар кинотеатр және тағамды жедел әзірлейтін мейрамханасы бар фудкорт орналасқан жаңа сауда және ойын-сауық орталығын аралап көрді.
Қаладағы ең үлкен бұл орталықтың ашылғанына 3 айға жақындады.Оның жалпы аумағы 25 264 шаршы метрді құрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу