Мемлекет басшысы "Назарбаев Университеті" дербес білім беру мекемесі инфрақұрылымының бір бөлігі саналатын жаңа ғылыми-зерттеу кешенінің жұмысымен танысты.
Атап айтқанда, Қазақстан президенті электрондық микроскопия, атомдық-күш микроскопиясы, робот техникалары және зияткерлік жүйелер, озық робот техникалары мен мехатрондық жүйелер зертханаларын, сондай-ақ энергетикалық ғарыштық зертхананы аралап көрді.
Жалпы, кешенде 117 зертхана, соның ішінде 67 инженерлік-техникалық, 40 химия-биологиялық және 10 таза аймақ бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу