Елбасы "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоғын қойды

962

Елбасы "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоғын қойды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды 24 kz.

Бұдан кейін Ұлы Отан соғысы кезінде ұрыс даласында қаза тапқан сарбаздарды бір минуттық үнсіздікпен еске алу шарасы өтті.

Салтанатты рәсімге Қазақстанның Премьер-министрі, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің төрағалары, Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің жетекшісі қатысты. Сондай-ақ "Отан қорғаушылар" монументі алаңында құрметті қарауылдың салтанатты шеруі орындалды. Ресми шарадан соң, Президент ардагерлермен тілдесіп, оларды бүгінгі мерекемен құттықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу