Елбасы "Үздік мемлекеттік қызметші" республикалық байқауының жеңімпаздарымен кездесті

990

Елбасы "Үздік мемлекеттік қызметші" республикалық байқауының жеңімпаздарымен кездесті

Қазақстан президенті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін мемлекеттік қызметші күніне орай өткізілген байқаудағы жеңістерімен құттықтады, деп хабарлайды akorda.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметтің миссиясы халыққа адал қызмет ету және еліміздің ұлттық мүддесін тиімді қорғай білу екенін атап өтті.

"Мемлекеттік аппараттың үйлесімді жұмысы мықты әрі тәуелсіз Қазақстанды құруға септігін тигізді. Бүгінде еліміз әлемнің барлық жетекші рейтингінде сенімді түрде лайықты орындарға ие болуда. Экономиканың оң қарқыны сақталуда, қоғамдық келісім мен бірлік орнықты қолдауға ие", – деді мемлекет басшысы.

Елбасы мемлекеттік қызметшілер елімізді дамытуға зор үлес қосқанын атап өтіп, ауқымды реформаларды іске асыруда мемлекеттік аппараттың маңызды рөл атқаратынына назар аударды. Сонымен қатар, Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттігін арттыру тұрғысынан мемлекеттік аппаратты жүйелі түрде трансформациялау жөніндегі шараларға ерекше тоқталды.

"Қызметкерлерге еңбекақыны жұмыс нәтижесі бойынша төлеу, сондай-ақ біліктілік пен кәсіби қабілетті тұрақты түрде арттыру мәселесі заң жүзінде бекітілді. Қазақстан мемлекеттік басқару саласында экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің қағидаттарын енгізуде. Мемлекеттік аппараттың тұрақтылығы нығайды – мемлекеттік қызметтегі ауыс-түйістер екі есе қысқарды. Басқа жұмысқа ауысу 18 есе, ал жұмыстан босау – екі есе азайды", – деді мемлекет басшысы.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев кездесуге қатысушылардың ел ішінде жүргізіліп жатқан реформалар мен рухани жаңғырудың негізгі бағыттарын іске асыру барысы туралы пікірін білді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу