Елбасы 5 мемлекет елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

711

Қазақстан президенті рәсімге қатысушыларды дипломатиялық қызметтерінің ресми түрде басталуымен құттықтап, бұл әр дипломаттың өміріндегі жауапты да қуанышты сәт екенін атап өтті.

Елбасы 5 мемлекет елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Мемлекет басшысы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Рәсім барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Ливан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Жискар Әл-Хури, Украинаның Төтенше және өкілетті елшісі Иван Кулеба, Бразилия Федеративтік Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Марсия Доннер Абреу, Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннер, Пәкістан Ислам Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Имтиаз Ахмад Кази сенім грамоталарын тапсырды.

Қазақстан президенті рәсімге қатысушыларды дипломатиялық қызметтерінің ресми түрде басталуымен құттықтап, бұл әр дипломаттың өміріндегі жауапты да қуанышты сәт екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Астананың 20 жылдық мерейтойы атап өтілгеніне тоқталып, қысқа уақыт ішінде Қазақстан елордасы көп ұлтты халқымызды біріктіргенін, сондай-ақ тың идеялар мен инновацияларға жол ашқанын айтты.

"Астана бейбітшілік пен келісімнің жаңа платформасы ретінде танылды. Мұнда Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, ЭКСПО көрмесі аясында маңызды құжаттар қабылданды", – деді Қазақстан президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезін өткізу мәселелеріне ерекше тоқталып, елдердің делегацияларын осы шараға белсенді атсалысуға шақырды.

"Жуырда біз үздік тәжірибелерге негізделген жаңа "Астана" халықаралық қаржы орталығын аштық. Елдеріңізді осы орталықтың жұмысына атсалысуға шақырамын", – деді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның көршілес елдермен экономикалық ынтымақтастықты нығайту мақсатымен заманауи инфрақұрылымды белсенді дамыта түскенін, "Батыс Қытай – Батыс Еуропа" халықаралық көлік дәлізінің 2,7 мың шақырымға созылатын қазақстандық бөлігінің құрылысы толық аяқталғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу