Елбасы Ақмола облысындағы алтын шығаратын кәсіпорынды іске қосты

903

Елбасы Ақмола облысындағы алтын шығаратын кәсіпорынды іске қосты

Астанада өтіп жатқан "Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы" ұлттық телекөпірі барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысындағы алтын шығаратын кәсіпорынды іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Телекөпір кезінде "Қазақалтын" ТМК" акционерлік қоғамының бас директоры Баламир Маханов жаңа зауыттың алдағы жұмысы жайында баяндады.
"Бүгінгі күні алтын біздің валютамыздың негізі болып отыр. Қазақстанның әр жерінде 150-ден артық кен орны бар. Соның барлығын игеретін болсақ, өзіміздің компаниялар игеретін болса, еліміздің  байлығы одан ары көтерілетін болады. Төрт тонна алтын шығаратын болса, үлкен жоба саналады. Мен өте қуаныштымын. Барлықтарыңызды құттықтаймын. Қосыңдар!", - деп рұқсат берді ҚР президенті. 
Айта кету керек, бұл техногендік минералды түзілістерді қайта өңдеу бойынша, кейіннен Доре қорытпасы түрінде алтын мен күмісті шығаратын республикадағы жалғыз кәсіпорын болып табылады.  Дəл осындай зауыттарды жылдың соңына дейін  Бестөбе жəне Жолымбет кенттерінде де іске қосу жоспарланған. Жобаның құны 30 584,8 миллион теңге тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу