Елбасы Ақтөбе облысындағы өндірістерді аралады

719

Елбасы Ақтөбе облысындағы өндірістерді аралады

Нұрсұлтан Назарбаев "Қазхром" трансұлттық компаниясы" АҚ-ның Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен "Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" ЖШС-ға барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында зауыттың ферроқорытпа өндірумен айналысатын цехының жұмысымен танысты.

Елбасына кәсіпорынның жылына 440 мың тонна ферроқорытпа өндіруге қауқары бар екендігі баяндалды. Бұл өнім Қытай Халық Республикасына, Еуропа елдері мен АҚШ-қа экспортталады.

Сонымен қатар мемлекет басшысы мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған рельс-арқалық зауыттың жұмысымен танысты.

Президентке зауыт өнімін алыс және таяу шет елдерге, соның ішінде Өзбекстанға, Түрікменстан мен Әзербайжанға экспорттаудың қазіргі жағдайы туралы баяндалды.   

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев зауыт жұмысшыларымен кездесіп, оларға жемісті еңбек пен кәсіби табысқа жетуге тілектестік білдірді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу