Елбасы Алматы қаласындағы жұмыс сапары барысында Наурызбай ауданының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығына барды. Ерекшелігі сол жаңа ауданды салу барысында 95 пайыз отандық құрылыс материалдары қолданылған. Жалпы, ауданда 2 мектеп, 3 емхана, 17 спорт және балалар ойнайтын алаңдар салынған. Сонымен қатар 33 балабақша құрылысы мемлекет-жекеменшік серіктестігі қағидаты бойынша бой көтерген. Аудан 100 пайыз газбен қамтамасыз етілген. Аудан ашылғалы қалалық салық түсімдері 11 есе артып, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны төрт есе өскен.
Елбасына Наурызбай ауданында "Туған жер" бағдарламасы аясында салынған жаңа емхананың мүмкіндіктері де таныстырылды. Айтап айтқанда емханада алғашқы медициналық көмек көрсетуден бөлек, асқазанның қатерлі ісігін алдын-ала анықтау мақсатында скринингтік зерттеулер жүргізілмек. Сонымен қатар президент Алматы қаласында қайта жаңғыртылған Жібек Жолы, Панфилов, "Астана" алаңдарын аралап, жұртшылықпен тілдесті.