Елбасы "Алматыкітап" баспасының басшысын қабылдады

628

Элеонора Баталова Нұрсұлтан Назарбаевқа тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен гүлденуі жолындағы қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты.  

Елбасы "Алматыкітап" баспасының басшысын қабылдады

Елбасы "Алматыкітап баспасы" ЖШС директорлар кеңесінің төрайымы Элеонора Баталованы қабылдады, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерінің елдегі баспа ісінің дамуы мен қалыптасуына қосқан үлесін атап өтті.

"Сіздің жетекшілігіңізбен "Алматыкітап" жақсы жұмыс көрсетіп отыр. Сіздер өте қызықты әрі жақсы кітаптар шығарасыздар", – деді Елбасы.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу