Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды.
"Біз Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, онда маңызды мәселелерді талқыладық. Тиісті Стратегияны бекіттік, соның аясында жұмыс атқару қажет. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты онда айқындалған міндеттердің жүзеге асырылу барысын қадағалауға тиіс", – деді Елбасы.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев отандық әскери-өнеркәсіптік кешенді дамыту мәселесіне ерекше назар аударды.
Әсет Исекешев 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспарын дайындау барысы туралы баяндады. Сонымен бірге Аппараттың азаматтардың қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатерлерді анықтау, алдын алу мен бейтараптандырудың жүйелі шараларын әзірлеуге бағытталаған жұмысы жайлы айтып берді.