Елбасы Астана әуежайындағы жаңа терминалдардың қызметімен танысты

736

Елбасы Астана әуежайындағы жаңа терминалдардың  қызметімен танысты

31 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев Астана халықаралық әуежайының жаңа терминалына барды, деп хабарлайды akorda.kz.
Мемлекет басшысына терминалдың мүмкіндіктері мен қызмет көрсетудің сапалық дәрежесінің өсуі, жолаушылар тасымалының арта түскендігі туралы айтылды.
Компания басшысы Қ. Алпысбаевтың айтуынша, жаңа терминалдың жалпы аумағы 47 мың шаршы метрді құрайды. Оның құрамына халықаралық жолаушылардың VIP терминалы, әуе кемелері тұрақтайтын алты аялдама, 4 автобусқа отыруға шығатын алаңшалары бар. Мұнда қауіпсіздіктің замануи қондырғылары орнатылған. Төлқұжат тексеретін 42 бөлме, қол жүгі мен жүктерді тексеретеін ЕУРО 2020 стандартына сәйкес желі арқылы сағатына 1200 дана жүк өткізіледі.
Жаңа терминалды пайдалануға беру арқылы әуежайдың өткізу қабілеті жылына 3,6 миллионнан 8,2 миллион жолаушыға жетеді. 1300 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады.
2017 жылғы 1 маусымнан бастап жаңа бағдарлар 45-ке дейін өседі. Қазақстан арқылы транзиттік әуе тасымалы өсуде. 2011 жылмен салыстырғанда, 2022 жылдарға дейін әуе кемелері арқылы жолаушы тасымалы 1,5 есеге өсетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу