Елбасы Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы өкімге қол қойды

1009

Елбасы Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы өкімге қол қойды

Елбасы Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуді дайындау және өткізу мақсатында:

1. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын  дайындау және өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі –Комиссия) құрылсын.

2. Мыналар:

1)  "ЕЛ ЖҮРЕГІ - АСТАНА" Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы;

2) Комиссия туралы ереже;

3) Комиссияның құрамы бекітілсін.

3.  Қазақстан Республикасының Үкіметі Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдерімен бірлесіп:

1) екі ай мерзімде Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі  іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітсін;

2)  Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шараларды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

 

Қазақстан Республикасының

             Президенті                                                                             Н. Назарбаев"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу