Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Мемлекеттік туын көтеру салтанатында Астана күнін тойлауды ресми түрде бастап берді, деп хабарлайды strategy2050.kz.
"Құрметті астаналықтар, біз бұл шарамен елордамыздың 19 жылдығын тойлауға арналған барлық мерекелік шараларды бастаймыз. Біз ата-бабамыз көрген Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғысты, аштықты көрмеген бақытты ұрпақпыз. Біздің бақытты халқымыз бейбіт аспан астында өмір сүруде. Ата-бабамыздан бізге қалған мирас - бақытты өмір", - деді мемлекет басшысы.
Н.Назарбаев айтып өткендей, Қазақстан бейбітшілік пен келісімді сақтау жолында белсенді жұмыс істейді.
"Біздің мақсатымыз – бейбітшілік пен бірлігімізді сақтау, тек қана алға ұмтылу! Бәсекелестік күресте жеңіске жету, бұл бізге мен қол қойып, халыққа жеткізген бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Біз бұл бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Халықтың бірлігі әлемдік қауымдастықтың құрметіне бөлейді, Қазақстанды ілгерілетіп, халықты бақытты ете түседі. Баршамызға бірлік, бейбітшілік пен келісім, толеранттылық пен сенім сыйлаймын. Мереке құтты болсын!", - деді елбасы.
Айта кетейік, туды көтеру барысында елбасы мемлекеттік рәміздердің маңызы туралы айтып өтті.