Елбасы "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрына барды

1018

Концерт Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне және ел Тәуелсіздігінің отыз жылдығына арналды. 

Елбасы "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрына барды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрына барып, белгілі опера әншісі Мария Мудряктың "Саған арнаймын, менің Қазақстаным!" атты жеке концертін тамашалады, деп хабарлайды inbusiness.kz  elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Әнші "Болашақ" бағдарламасы бойынша Миландағы Жоғары музыкалық академияда білім алған, сондай-ақ Дж. Верди атындағы Мемлекеттік консерваторияны табысты бітірген. Көптеген халықаралық музыкалық конкурстардың лауреаты. Әлемге әйгілі театр сахналарында өнер көрсетіп, жұртшылыққа танылған Мария Мудряк аз ғана уақыт ішінде сұранысқа ие опера әншілерінің біріне айналды.

Мерекелік бағдарламаға баритон Владимир Стоянов (Болгария) және "Астана Опера" театрының симфониялық оркестрі қатысты. Дирижері – Альвизе Казеллати (Италия).

Концерттен кейін Н. Назарбаев М. Мудрякпен әңгімелесті. Әнші өзінің шығармашылық жоспарымен бөлісті. Қазақстанда тағы бірнеше концерт өткізуді жоспарлап отырғанын, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінің қонақтарына арнап өнер көрсететінін айтты.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті опера әншісінің жоғары кәсіпқой өнерпаз екенін атап өтіп, оған шығармашылық табыс тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу