Астанада өтіп жатқан Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысында Нұрсұлтан Назарбаев елді дамыту үшін 5 ұсыныс айтты, деп хабарлайды Today.kz.
Соның бірі – елдегі газ мәселесін шешу. Назарбаев жақын арада елдегі газ мәселесі толықтай шешіліп, Қызылордадан Астанаға газ жеткізілетінін жеткізді.
"Алдымен Астанаға газ жеткізейік. Содан кейін Павлодар, Қарағанды сияқты қалаларға жеткіземіз. Газ мәселесін 1 немесе 1,5 жыл ішінде шешу керек", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ елбасы азаматтарға берілетін шағын несиенің көлемін 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу