Елбасы Астананың іргесін алғаш қалаған азаматтармен кездесті

669

Елбасы Астананың іргесін алғаш қалаған азаматтармен кездесті

Мемлекет басшысы шараға қатысушылармен әңгімелесіп, оларды елорданың 20 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан президенті Астананы салуға және дамытуға атсалысқан тұлғалардың бәріне ризашылық білдірді.

"Елорданың бүгінгідей дәрежеге жететініне көпшілік сенбеген еді. Баршаңызға алғысым шексіз. Сіздер қажырлы еңбек етпегенде, мен бұған қол жеткізе алмас едім. Сіздердің сіңірген еңбектеріңіз болашақ ұрпақтың жадында сақталады", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу