Елбасы: Ауылдағы көпбалалы отбасылар үшін гранттар мен шағын несиелерге жеке квота бөлу керек

1014

Астанада президент төрағалығымен "Нұр Отан" партиясының XVIII съезі өтіп жатыр.

Елбасы: Ауылдағы көпбалалы отбасылар үшін гранттар мен шағын несиелерге жеке квота бөлу керек

Президент толық емес көпбалалы отбасылар үшін үйден жұмыс істеуге жағдай жасау керектігін айтты. 

"Толық емес көпбалалы отбасылар үшін үйден жұмыс істеуге жағдай жасау керектігі айтпаса да түсінікті, ал ауылдағы көпбалалы отбасылар үшін гранттар мен шағын несиелерге жеке квота бөлу керек. Бұл жұмысты қолға алу керек" – деді  Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде.

Президент аталған жұмысты үкімет пен жергілікті орган "Нұр Отан" партиясымен және "Атамекен" ұлттық палатасымен бірлесіп атқару керек екенін айтты.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев халқының келешекте емес қазір бақытты болғанын қалайды. 

"Нұр Отан" партиясы – жоғары жетістіктердің, болашаққа жол сілтеуші партия. 20 жыл ішінде барлық іске қатысты. Бізде ұзақмерзімді стратегия, бай табиғи ресурстар, саяси ерік бар. Мемлекеттің қуаты экономикалық дамудың қарқынымен, өсімімен және халықтың өмір сүру сапасымен бағаланады. Сондықтан маған сенім артқан халықтың ертең емес бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын", – деді Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде.

"Экономикалық даму халықтың нақты әл-ауқатының өсуіне бағытталу керек. Бұл туралы үнемі айтамын", – деді мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу