Елбасы Әзербайжан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

676

Елбасы Әзербайжан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Баку қаласындағы өрт салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Бауырлас Әзербайжан халқының қайғысына ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", – делінген жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу