ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықты Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Қымбатты отандастар! Ардақты ағайын! Қадірменді халық! Ең асыл құндылығымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық торқалы тойымен баршаңызды шын жүрегіммен құттықтаймын! Қазір ғана менің алдымда еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы болған істің бәрін айтып, барша азаматқа өзінің тілегін, мағыналы сөзін жолдады. Оған қосып, бөліп айтатын сөз де жоқ. Барлығы қамтылды. Сондықтан құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізге шын жүрегіммен мазмұнды баяндамаңыз бен ел басқарған кездегі менің еңбегіме берген аса жоғары бағаңыз үшін зор ризашылымды білдіремін", – деді Елбасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара барысында.