Елбасы баспана алу үшін отбасыда қанша адам жұмыс жасауы керектігін айтты

944

Елбасы баспана алу үшін отбасыда қанша адам жұмыс жасауы керектігін айтты

Бүгін Астанада ел президенті, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілік етуімен Қазақстан халқы ассамблеясының XXVI сессиясы өтті. Сессияда мемлекет басшысы өз бастамасымен Ұлттық банк әзірлеп жатқан "7-20-25" бағдарламасы аясында қиындықсыз ипотека ала алу үшін отбасыда қанша адам жұмыс жасауы керектігін айтты, деп хабарлайды abctv.kz.

"Бірінші бастама тұрғын үйі жоқ азаматтарға соны сатып алу үшін жаңа мүмкіндіктер береді, тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігіне қатысты проблеманы шешеді. Біздің бәріміз баспананың маңыздылығын жақсы түсінеміз. Сондықтан мен бұл проблеманы бірінші орынға қойдым. Әрбір жұмыс жасаушы қазақстандықтың жаңа шарттар бойынша ипотека ала алуы аса маңызды деп санаймын. Біз барлығын есептеп шықтық. 50-60 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтерді иеленіп, оның ипотекасы бойынша төлемдерді төлей алуы үшін отбасыда екі адам жұмыс жасауы қажет, сонда бұл отбасылық бюджет үшін аз жүк түсіреді. Демек, бұл миллиондаған азаматты қамтымақ", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ол жаңа ипотекалық бағдарлама жас қазақстандық отбасылардың қатарының артуына ықпал етуі ықтималдығын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу