Елбасы Батыс Қазақстан облысына барды

743

Елбасы Батыс Қазақстан облысына барды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 15 мамыр күні жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, президент алдымен негізінен жиһаз және басқа тұрмыстық бұйымдар шығаратын "Квант" ЖШС-ға ат басын тіремек. Сондай-ақ "Жайық Агро LTD" ЖШС-ның құс фабрикасында, сэндвич-панельдер өндіретін "Агран" ЖШС-ында болмақ.

Елбасы Оралдағы жаңа алаңда облыс орталығының даму болашағынан қанығып, ассамблея мүшелерімен және зиялы қауым өкілдерімен кездеседі.

Оқушылар сарайында президент жас боксшылармен жүздесіп, білім және денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру жобаларының жүзеге асырылу барысымен таныспақ. Сонымен қатар елбасының жастармен кездесуі жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу