ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Беларусь Республикасына келді, деп хабарлайды БЕЛТА.
"Қазақстан көшбасшысы мінген ұшақ жаңа ғана Минсктің ұлттық әуежайына келіп қонды. Нұрсұлтан Назарбаевты бірінші вице-премьер Василий Матюшевский күтіп алды. Бүгін Тәуелсіздік сарайында Беларусь пен Қазақстан президенттері арасында ресми келіссөздер өтеді деп жоспарлануда", - деп жазады Беларусьтің мемлекеттік ақпараттық агенттігі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу