Қазақстан президенті Бельгия Королі Филиппен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Бельгияның саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Бельгияны әуелден өзара түсіністік пен құрметке негізделген достық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу