Елбасы бірқатар кадрлық тағайындаулар жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының Өкімімен Дархан Қамзабекұлы Мыңбай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметтерінен босатылды.
Оның орнына Леонид Андреевич Прокопенко тағайындалды
Ондай-ақ, мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметінен босатылып, Н.Н. Годунова Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы қызметіне тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу