Елбасы бірқатар заңға қол қойды

857

Елбасы бірқатар заңға қол қойды

Мемлекет басшысы жоғарғы және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Сондай-ақ президент заңнаманы "Балаларды денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келтіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Елбасы балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғайтын ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктерді белгілеуге бағытталған "Балаларды денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу