Елбасы: Біз үшін Қытай Халық Республикасының орасан зор нарығы ашық

792

Елбасы: Біз үшін Қытай Халық Республикасының орасан зор нарығы ашық

Қазақстан президенті сүт өнімдерін өндіруге, мал және егін шаруашылығына маманданған "Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы" ЖШС-тің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы сүт-тауар фермасын аралап, онда сауын залы мен сүт қабылдайтын цехты көрді.

Сондай-ақ, елбасы облыстағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жетістіктерімен танысып, өңірдің шаруаларымен әңгімелесті.

"Шығыс Қазақстан облысы экономикамыздың аграрлық секторында ертеден қалыптасқан берік дәстүрге ие. Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті зор, болашақта бұл салаға деген сұраныс арта түседі. Қазір біз үшін Қытай халық республикасының орасан зор нарығы ашық, сіздер шығаратын өнім шет елдерге экспорттала алады", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында мемлекет басшысы кездесуге қатысушыларға бақ-береке және өндірісте жаңа жетістіктер тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу