Елбасы БҚО-да жиһаз жасаудың технологиялық үдерісімен танысты

688

Елбасы БҚО-да жиһаз жасаудың технологиялық үдерісімен танысты

Елбасы "Квант" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жиһаз жасайтын фабрикасына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында тұтас жиһаз жасаудың технологиялық үдерісімен танысты.

Қазақстан президентіне кәсіпорынның қазіргі қаржы-шаруашылық жағдайы туралы мәлімет ұсынылып, өндіріс ауқымын ұлғайту және дайын өнім тізбесін кеңейту жоспары жөнінде баяндалды.

Сондай-ақ, фабриканы аралау кезінде Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы, соның ішінде өнеркәсіп секторының, шағын және орта бизнестің қазіргі ахуалы мен перспективалары жөнінде баяндалды.

Бұдан бөлек, кәсіпорын аумағында мемлекет басшысына индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, фин технологиясы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу жүйесін жаңғырту, ірі қара мен ұсақ малдың терісін өңдеу, нан және макарон өнімдерін өндіру, химия өндірісі, дизель отынының компоненттерін гидротазалау жөніндегі жобалар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу