Жиын Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бейнеүндеуімен ашылды. Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметтің маңыздылығына тоқталып, халықаралық аренада антиядролық қозғалысты ілгерілету жолындағы қазақстандық дипломатияның ерекше күш-жігерін атап өтті.
"Осыдан отыз жыл бұрын мен әлемдегі ең ірі ядролық полигонның бірі – Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл адамзат тарихында ядролық сынақтар өткізуге заңдық тұрғыда тыйым салған алғашқы шешім еді. Семей полигонынан кейін дүние жүзі бойынша басқа да полигондар жабылды немесе тоқтатылды. Ядролық сынақтарға тыйым салу жаһандық сипатқа ие болды, – деді Елбасы.
Бейнеүндеудің толық нұсқасын төмендегі видеодан көруге болады.