Елбасы БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде ядролық қаруды таратпау мәселесі бойынша сөз сөйлейді

607

Елбасы БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде ядролық қаруды таратпау мәселесі бойынша сөз сөйлейді

Қауіпсіздік кеңесінде қаңтарда талқыланатын тақырып жаппай қырып-жою қаруын таратпауға арналады. Бұл туралы ұйымның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өткен баспасөз-конференциясында Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды strategy2050.kz.
БҰҰ жаңалықтар орталығы таратқан мәлімет бойынша, 2018 жылдың 18 қаңтарында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің қару қолдануды жаппай жоюға арналған брифингке қатысады. Сондай-ақ, брифингке ҚР президентімен қоса басқа да бірнеше мемлекеттің басшылары мен министрлер қатысады
"Біз неге бұл мәселені көтеріп отырмыз? Біз бүгінде түрлі саяси көшбасшылар мен елдер арасында сенімге негізделген қарым-қатынасты орнатуға көбірек назар аудару керек деп санаймыз. Мұнсыз қандай да бір проблемаларды шешу мүмкін емес деп ойлаймыз", - деді елші Қайрат Омаров. 
Сонымен қатар, Омаровтың айтуынша, 19 қаңтарда Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов министрлік деңгейдегі дебаттарға қатысады. Дебаттардың Ауғанстан мен Орта Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты реттеуге арналатыны айтылалы.  Орталықтың мәліметінше, БҰҰ жанындағы отырысқа БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш қатысады. Ол Орталық Азияға биыл жазда келген еді.
Қазақстан елшісінің айтуынша, қауіпсіздік кеңесінің күн тәртібіндегі үшінші маңызды тақырып Таяу Шығыс болмақ, оның ішінде Палестина мәселесі де бар. ҚК мүшелері Сириядағы мәселені де талқылайды. Қайрат Омаров 2017 жылдың желтоқсанында Астанада Сирия бойынша кезекті отырыс өткенін еске салды. БҰҰ-да бұл жиынды "тиімді" деп атады.
Айта кетейік, Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесіндегі  тұрақты емес   мүшелігіне   тағайындалған Орталық Азиядағы алғашқы ел.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу