"Елбасы" деп айту да, жазу қате. Прокуратура ескертуге тиіс – заңгер

884

Бұл туралы Конституцияға енгізілген өзгерістерді түсіндіруге арналған баспасөз жиынында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры Ермек Әбдірасылов пен Еуропалық құқық және адам құқықтары сарапшылық институтының директоры Марат Башимов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Елбасы" деп айту да, жазу қате. Прокуратура ескертуге тиіс – заңгер

"Астанада жаңа мешіт ашылуына келген бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевты әлі де болса "елбасы" деп айтқанын, кейін кейбір жерде солай жазылғанын көрдік. Бұл дұрыс па?", – деп журналист Мадина Жатқанбаева ортаға сауал тастады.

Оған жауап берген Ермек Әбдірасыловтың айтуынша, "елбасы" деп атау – заңды дұрыс түсінбеу.

"Парламент қашан бірінші президент туралы заң қабылдап, оны күшінен айырады деп күтпеуіміз керек. Себебі Конституциядан "елбасы" деген секілді бірінші президенттің статусына қатысты болған сөздер алынып қалған. Ал Конституция бәрінен жоғары. Бұл жерде кейбір адамдар әдейі айтып отырмаған болар, заңды әлі түсіне алмай жатқан шығар", – деді заңгер.

Оның сөзін Марат Башимов үстеді.

"Бас прокуратура қоғамдық іс-шараларды бақылап отыруы керек. "Елбасы" дегенді қолданған жағдайда барып түсіндіруі керек. Ылғи "түсіндіреміз" деп жүгіріп келеді ғой. Сол секілді неге түсіндірмейді, неге қарап отыруы керек? Конституцияда "елбасы" деген сөз жоқ. "Вождизм", "фюрер" деген түсінік болмайды", – деді Башимов.

 

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу