Елбасы Дубай халықаралық қаржы орталығында болды

716

Елбасы Дубай халықаралық қаржы орталығында болды

Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары аясында Дубай халықаралық қаржы орталығы (DIFC) басшылығымен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы кездесу барысында DIFC қызметімен және  орталықтың бұдан әрі қарай даму перспективасымен танысты.

Қазақстан президентіне Дубай халықаралық қаржы орталығы құрылған кезеңнен бері оның Дубай қаласының жалпы ішкі өніміне қосқан үлесі 8%-ға жеткені туралы мәлімет берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев Астана халықаралық қаржы орталығының жұмысын ұйымдастыру барысында біздің еліміз Біріккен Араб Әмірліктерінің тәжірибесін зерттеп, қолданып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ орталықтың жұмысын одан әрі тиімді жүргізу мақсатымен бірқатар шара іске асырылғанын айтты.

Қазақстан президенті Астана орталығы базасында құрылатын Еуразия аймағындағы жетекші қаржы құрылымы ретінде Астана халықаралық қаржы орталығын дамыту жөніндегі өз ойын ортаға салды.

Келіссөз соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың нәтижелері мен одан әрі даму перспективаларын талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу