Елбасы еліміздегі жаңа зауыттарды іске қосты

979

Елбасы еліміздегі жаңа зауыттарды іске қосты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы" ұлттық телекөпір аяқталды. Онлайн режимде бүкіл облыс бойынша жаңа индустриалды-инновациялық, инфрақұрылымдық, энергетикалық, агроөнеркәсіптік жобалар іске қосылды. Жаңа нысандар жүздеген адамды еңбекпен қамтып, шағын және орта бизнестің қанат жаюына ықпал етеді деді мемлекет басшысы. 
Айта кетейік жыл басынан бері 1,9 трлн теңгені құрайтын 127 жоба іске қосылған. Бұл нысандарда 10 мың адам өнімді еңбек етуде. 
Бүгінгі іске қосылған әрбір зауыт пен кәсіпорын ел экономикасының дамуына үлес қосады. Осылай деген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ең алдымен Ақмола облысындағы "Қазақалтын Технолоджи" компаниясын іске қосты. Құны 30 584,8 миллион теңге тұратын Доре қорытпасын өндіретін "Казақалтын Technology" бұл техногендік минералды түзілімдерді қайта өңдеу бойынша, кейіннен Доре қорытпасы түрінде алтын мен күмісті шығаратын республикадағы жалғыз кәсіпорын. Қайта өңдеудің жалпы өндірістік қуаты жылына 7 миллион тонна техногендік минералды түзілімдерді құрайды. Бұдан бөлек Ақтөбе облысында машина жасау және металл өңдеу секторында мұнай-газ жабдықтарын өндіру және құбырлар шығарумен айналысатын "Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты" ЖШС зауыты ашылды. Сонымен қатар Қарағанды облысында ескі көліктерді қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорын "Recycling Company" өз жұмысын бастады. Кәсіпорын жылына тозығы жеткен автокөліктердің 50 мыңын қайта өңдеуге қауқарлы. 
Бүгін мемлекет басшысы тағы бір жобаны жандандырды. Ол Алматы облысындағы Коринская гидро электр станциясы. Құны әзірге 7,1 млрд теңгеге бағаланып отыр. Сөз соңында айта кетейін мен атап өткен зауыттардан бөлек тағы бірнеше ірі жобалар іске қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу