Бұл сайлау учаскесінде 3 592 сайлаушы тіркелген. "Сағат 07:00-ден бастап тұрғындар дауыс беруге келіп жатыр. Сайлау учаскесінде әзірше тәртіп бұзу, бақылаушылар тарапынан ескертулер болған жоқ", – дейді осы сайлау учаскесінің төрағасы Марат Мусин.
Еске сала кетсек, Қазақстан бойынша 10 061 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сайлаушылардың саны 11 млн 820 мың адамды құрайды. Конституциялық мерзімге сай өтіп жатқан Мәжіліс сайлауына елімізде тіркелген 5 саяси партия өз кандидаттарын ұсынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу