Елбасы елордадағы "жасыл белдеудің" даму барысымен танысты

1085

Нұрсұлтан Назарбаев елорда төңірегінде "жасыл белдеу" құру тәжірибесін еліміздің өзге өңірлерінде қолдану керек екенін айтты.

Елбасы елордадағы "жасыл белдеудің" даму барысымен танысты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы "жасыл белдеудің" даму барысымен танысты, деп хабарлайды Elbasy.kz сайты.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің және Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың ақпаратын тыңдады.

"Сіздің тапсырмаңызға сәйкес 1997 жылдан бастап біз "жасыл белдеу" құру жұмыстарын жүргізіп келеміз. Бүгінде оның ауданы 87 мың гектардан асады. Биыл отырғызу аумағы 4,6 мың гектарды құрады. 2022 жылға дейін біз жалпы жасыл желектің аумағын 100 мың гектарға жеткіземіз", – деді экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.

Сонымен қатар, Елбасына агротехникалық іс-шаралардың нәтижесінде алынған мәліметтерді жинау және талдау үдерістерін цифрландыру бойынша жоспарланған шаралар туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне елорданы көгалдандыру нәтижелері және "жасыл белдеуді" Бурабай орман алқабымен қосу бойынша қабылданған шаралар туралы баяндалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу