Онда Елбасы кітапханасының музейі, мұрағаты және кітапханасы қорынан мыңға жуық экспозиция қойылған, деп хабарлайды elbasy.kz.
Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті астананың алғашқы құрылысына атсалысушыларға арнайы "Назарбаев орталығының" экспозициялық алаңында экскурсия өткізді.
Сондай-ақ, Елбасы елорданы Алматыдан Ақмола қаласына көшірген кездер жайлы естеліктерімен бөлісті.
"Жақын серіктестерім мен адал үзеңгілестерімді көргеніме өте қуаныштымын. Сіздер әсем қаламызды салу барысында әрқашан маған сенімді қолдау көрсеттіңіздер", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу