Елбасы емхананы аралады

741

Елбасы емхананы аралады

Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы емхананы аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында Наурызбай ауданындағы "Туған жер" бағдарламасы аясында салынған жаңа емханада болды.

Қазақстан президентіне бұл емханада алғашқы медициналық көмек көрсетуден бөлек, асқазанның қатерлі ісігін алдын-ала анықтау мақсатымен скринингтік зерттеулер жүргізу жоспарланып отырғаны баяндалды. Сондай-ақ, мұнда рентген диагностикасы бөлімшесі, офтальмолог, оториноларинголог, торакальді және абдоминалды колопроктология кабинеттері ашылған, тағы басқа бөлмелер жабдықталған.  

Емханада азаматтарды электрондық тіркеу орны, Call-орталық бар. Онда Наурызбай ауданының тұрғындарына шұғыл көмек көрсететін жедел жәрдем бригадасы орналасқан.

Елбасыға жуық арада "Қалқаман" шағын ауданында тағы бір медициналық мекеменің ашылатыны және "Тау самалы" шағын ауданында да емхананың құрылысы басталатыны жөнінде мәлімделді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу