Елбасы Францияның бұрынғы президентімен кездесті

662

Елбасы Францияның бұрынғы президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Францияның бұрынғы президенті, Франция Конституциялық кеңесінің мүшесі Франсуа Олландпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумына қатысуға келгені үшін Франсуа Олландқа ризашылық білдірді.

"Сіз президент кезіңізде біздің елде ресми сапармен болған едіңіз. Соның нәтижесінде ынтымақтастығымызды дамыту үшін жақсы жағдай жасадық", – деді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Қазақстан мен Франция арасындағы байланыстар, соның ішінде "жасыл" технологиялар саласындағы ықпалдастық нығайып келе жатқанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев баламалы энергетиканы дамыту үшін Қазақстан тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар, соның ішінде "ЭКСПО-2017" кешенінің базасында құрылатын "Жасыл" экономика орталығы жөнінде әңгімеледі.

Франсуа Олланд кездесуге мүмкіндік бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіріп, Қазақстан президентінің мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу