Елбасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады

1364

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлттық компанияның былтырғы жұмысының негізгі нәтижелері мен қазіргі қызметі туралы ақпарат берілді.  

Елбасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады

Ғ.Пірматовтың айтуынша, "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясы өзінің атом саласындағы сенімді серіктес әрі отын жеткізуші мәртебесін нығайтып, ең ірі табиғи уран сатушы ретіндегі орнын сақтап қалды. Жаһандық пандемияның сын-қатерлеріне қарамастан, компания 2020 жылға жоспарланған барлық көрсеткіштерге қол жеткізді, кейбіреуі бойынша жоспар асыра орындалды. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша түсім – 587,5 миллиард теңгеге, ал таза пайда 221 миллиард теңгеге жетті. Компанияның 2018-2021 жылдар кезеңіндегі дивидендтерінің жалпы сомасы 491 миллиард теңгені құрайды.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа холдинг кәсіпорындарындағы вакцинация қарқыны туралы, компанияның ірі жобаларының жүзеге асырылуы, соның ішінде жылу бөлетін құрамалар шығару зауытының іске қосылуы жөнінде баяндалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу