Елбасы Гарри Кеннет Вульфтің ант қабылдау рәсіміне қатысты

748

Елбасы Гарри Кеннет Вульфтің ант қабылдау рәсіміне қатысты

Елбасы "Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасының ант қабылдау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қазақстан президентінің тиісті өкімімен "Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасы болып тағайындалған лорд Гарри Кеннет Вульфтің ант қабылдау рәсіміне қатысты.

Рәсім соңында Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасы мен судьяларына халықаралық қаржы орталығының қызметіне әлемдік қоғамдастықтың сенімін арттырудың маңызды екенін айтты.

"Астана" халықаралық қаржы орталығының тәуелсіз соты 2018 жылғы қаңтардан бастап жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу