Елбасы Геннадий Головкинге жеделхат жолдады

2075

Елбасы Геннадий Головкинге жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарындағы Лас-Вегаста WBA, WBC, IBO, IBF және The ring тұжырымдары бойынша бокстан әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек аяқталған соң Геннадий Головкинге жеделхат жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Миллиондаған қазақстандықтар саған бір ауыздан қызу қолдау көрсетті. Сен тартысты әрі жанкешті жекпе-жекте айрықша табандылық танытып, қажымас қайрат пен асқан шеберлік көрсеттің.

Сенің кәсіпқойлығың, зор қабілетің, қол жеткізген абырой-беделің, ең бастысы – өз ісіңе шексіз адалдығың келешектегі жарқын жеңістеріңнің кепілі бола берсін", – делінген жаделхатта.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев боксшыға зор денсаулық және алдағы белестеріне табыс тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу