Елбасы халықаралық саудада жаңа ереже керектігін айтты - АЭФ

820

Елбасы халықаралық саудада жаңа ереже керектігін айтты - АЭФ

Әлемдік қауымдастыққа халықаралық сауданың жаңа ережелерін жасау қажет. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев елбасы АЭФ-те айтты, деп хабарлайды abctv.kz.
"Халықаралық сауданың жаңа ережесі жобасын талқылайтын кез келген сияқты. Қолданыстағы нормаларды ескермеудің жиілеуі қазіргі жағдайға сәйкес келетін жаңа консенсусты жасау қажеттігін көрсетеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев XI Астана экономикалық форумында сөйлеген сөзінде. 
Қазақстан басшысының пікірінше, бұл мәселені G-global алаңында талқылауға болады. 
Сонымен қатар Қазақстан басшысының бағалауынша, әлем "әделетсіз ақпаратты тарату" мәселесін жан-жақты талқылау керек. 
"Ол (ақпарат-ИФ-К) көбінесе мемлекетаралық, ұлтаралық текетіреске әкеледі және жанжалдың туындау қаупін артырады. Үкімет, азаматтық қоғам институттары, БАҚ ақпараттық контент үшін  өзінің жауапкершілігін түсіну бойынша өзара келісімге келу қажет", - деп атап кетті президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу