Елбасы халықты Алғыс айту күнімен құттықтады

1820

Мемлекет басшысы әр отбасыға бақ-береке, елімізге татулық пен тыныштық тіледі.

Елбасы халықты Алғыс айту күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы бұл мереке қиын-қыстау жылдары қазақ халқының көрсеткен қамқорлығы мен мейірімділігінің ұмытылмайтынын білдіреді дейді.

Сондай-ақ, "ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, бүкіл қазақстандықтардың өз шаңырағына айналған киелі қазақ жеріне деген ризашылықтың белгісі" екенін айтады.

"Қазақстандықтардың қазіргі буыны, әсіресе жастар, тарихымызды біліп, есте сақтауы керек. Тарих тағылымы шынайы патриотизм мен бірліктің үлгісін көрсетеді. Әрқайсымыздың жүрегімізде ортақ жетістігімізге – өркендеп келе жатқан Қазақстанға деген мақтаныш пен ризашылық сезімі ұялай берсін!", – ­делінген құттықтауда.

Мемлекет басшысы әр отбасыға бақ-береке, елімізге татулық пен тыныштық тілейтінін жеткізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу